Әзірбайжан әскері көзін жойған армян сарбаздарының фотолары тарады
2022 ж. 13 қыркүйек
567
0

Әзірбайжан мен Армения арасында шекаралық аймақта тағы қақтығыс орын алды.
Салдарынан Арменияның 49 сарбазы қаза тапты. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян парламентте сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл әзірге соңғы сан емес.
Армения қарулы күштерінің шығыны одан көбірек, деп хабарлайды Manset.az Milli.Az-ға сілтеме жасап.
Еревандағы ауруханаларда кемінде 78 жаралы бар екені баса айтылды. Олардың 24-інің жағдайы ауыр.
Қаза болған армян сарбаздарына келсек, армяндардың әлеуметтік желіде жазғандарына қарағанда, олардың саны 65-ке жеткен.
Әзірге Арменияның Қорғаныс министрлігі шығынға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.