Әйел қызғаныштан өз баласынан жақсы оқыған оқушыны улап өлтірді

Әйел қызғаныштан өз баласынан жақсы оқыған оқушыны улап өлтірді

Үндістанның оңтүстігінде оқушының анасы қызының 13 жастағы сыныптасын жақсы оқитыны үшін улап тастады, - деп хабарлайды Qazaquni.kz тілшісі Times of India басылымына сілтеме жасап. 

13 жасар Маникадан орта мектептегі үлгерімімен қатарластарының арасында ерекшеленген. 

Сыныптастарының бірінің анасы оның жетістігіне қызғанышпен қарап, жасөспірімді улауға шешім қабылдаған. 

2 қыркүйекте мектепте бала сөз сөйлеген дәстүрлі шара өткенде, мектепке бір әйел келіп, күзетшіге өзін Маниканданның анасымын деп таныстырып, «ұлына» бір бөтелке сусын беруін сұрайды. Еш сезіктенбеген оқушы оның ішіндегісін ішіп, содан кейін ауырып қалған. 

Ата-анасы оқушыны жеке емханаға апарып, жедел ем алып, өзін жақсы сезінген кезде үйіне жіберді. Алайда келесі күні ол қайтадан ауырып қалды. Бала ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Кешке қарай Маникадан қайтыс болды. 

Тергеу кезінде Маникаданның нағыз анасы ұлының әлдебір бөтелке туралы айтқанын есіне алып, сол күні баласына ештеңе бермегенін айтады. Содан кейін полиция қызметкерлері мектеп қызметкерлерін сұрап, оқушылардың бірінің 42 жастағы анасын тапты. 

Әйел бөтелкеге дәрі қосқанын айтып, өз ісін мойындады.