Биыл күзде 18 мың азамат әскерге шақыртылмақ

Биыл күзде 18 мың азамат әскерге шақыртылмақ

ҚР Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы жарлығына сәйкес елімізде биылғы жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Осыған байланысты қалалық және аудандық шақыру комиссиялары да өз жұмыстарына кірісті. Жыл сайынғы күзгі әскерге шақырудың ерекшеліктері туралы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары департаментінің басқарма аға офицері подполковник Тапашев Руслан айтып берді.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

- Биылғы күзгі шақырту аясында әскерге қанша азаматты шақыру жоспарланған? Басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға шақырушылардың саны қандай?  

- Биыл шамамен осы әскер қатарына шамамен 18 мыңнан аса жас азаматтарымызды шақыру жоспарлануда. Оның ішінде өзіміздің Қарулы күштерге шамамен 8 000 азаматтарды шақырамыз және басқада әскерлер мен әскери құралымдарға шамамен 10 000 аса жас азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырамыз.  

- Жалпы әскерге шақыру науқаны барысында жергілікті әскерге шақыру органдарының негізгі проблемалары қандай? Жергілікті әскери басқару органдарының шақыру науқанын дайындау жұмысы осыған дейінгі кезеңмен салыстырғанда қаншалықты жақсарды?  

- Бұл енді біздегі негізгі проблеманы атап өтсек, ол іздестіруде жүрген әскерге шақырылушыларды іздестірудің төмен тиімділігі. Одан кейін әскерге шақыру коммиссияларындағы медициналық коммиссиялар, соның ішіндегі тар саладағы медициналық білікті мамандардың жетіспеушілігі деп атап өтуге болады. Қазіргі таңда қандай себептерге байланысты екендігі белгісіз, бірақ әскерге шақырушылардың көбінің денсаулық жағдайына байланысты кішкене проблемалар туындайды. Айтатындай өзгеріс болған жоқ, бірақ бұл бағытты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әсірісе мына іздестуру жұмыстары бойынша ішкі істер органдарымен бірге өзара іс-қимыл ұйымдастырылған. Әрине, біз оны жақсартуға күш салып жатырмыз. Айтақан негізгі проблема жаңағы тар саладағы медициналық білікті мамандырдың жетіспеушілігі дедік қой, ол бойынша да мына жергілікті атқарушы органдармен де жұмыстар жүргізіліп отыр.  

- Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатудың себептері қандай? Және өмірде қандай жағдайлар оған себеп болады? Атап өтсеңіз.  

- Атап өтсек, мына қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметті кейінге қалдыру білімді жалғастыру үшін, денсаулық және отбасы жағдайы сондай-ақ басқа да себептер бойынша. Әскери қызметтен босатылған азаматтардың санаты бар және 27 жасқа толған азаматтарымыз бар, заңды негіздемелер бойынша әскерге шақырылмағандар да босатылады. Басқа мемлекетте әскери баламалы қызмет өткергендер, ғылыми дәрежесі бар азаматтарымыз да босатылады. Республикамыздың арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер және тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері де босатылады.

- «Әскери қызмет және әскери қызетшілердің мәртебесі» туралы Заңға қандай өзегерістер енгізілді. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандар үшін қандай жеңілдіктер көрсетілген?  

- Әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірақатар заңнамаларына бастамалар танытылып отыр. Соның ішінде мерзімді әскери қызмет өткергендер үшін, өткеріп жүргендер және әскери қызметті аяқтағандар үшін әскери оқу орындарына түсу кезінде бірқатар жеңілдіктер ұсыну. Яғни, бірінші байқау болған жағдайда оларға басымдық көзделеді. Одан кейін грант бойынша жаңағы басқа да жоғарғы оқу орындарында оқыған азаматтарымыз да бар емеспе мысалы, оларға да жоғарғы оқу бітіргеннен кейін жұмыспен өтеу міндеттемелері көзделген. Яғни, сол міндеттемелерден босату сияқты жеңілдіктер бар. Тағы бірі ол азаматымыз мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде оның бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қолдау ретінде коммуналдық қызмет төлемдері бойынша көмек көрсетіледі. Осы сияқты бірқатар жеңілдіктер бар. Бірақ қазір ол жұмыс барысында.  

- Осы жазда өткен алдын ала іріктеу барысында әскерге шақыру контингентінің сапалық және сандық құрамын қалай бағалайсыз?   

- Биылғы күзге әскерге шақырылатындарды азаматтарды алдын ала зерделеу барысында шамамен 760 мыңнан аса азаматымыз тіркелген, яғни әскери есепте тұр. Бұл мына көктемгі әскерге шақырумен салыстырғанда, шамамен 30 000 аса адамға ұлғайған. Және осы күзгі әскерге шақырылатын азаматтар саны шамамен 180 000 аса адамды құрайды. Оның ішінде зерделеуге жататындар 83 000 аса азамат. Алдындағы көктемгі әскерге шақыруды жүргізген кезде алдын ала зерделеумен салыстырғанда ұлғайған. Қазіргі таңда шамамен осы азаматтардың 50 пайызы алдын ала зерделеуден өтті. Жәнеде осы әскерге шақыру науқаны басталғаннан кейін де зерделеу жұмыстары тоқтамайды, жүргізіле береді.  

- Медициналық коммиссия өткізу кезінде азаматтардан қандай сырқаттар көп байқалады? Және де болашақ әскерге шақырылуышылардың денсаулықтарын жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? 

- Статистика бойынша айтып кетейін, осының алдындығы көктемгі әскерге шақыру кезінде 74 мыңнан аса азаматымыз медициналық куәландырудан өтті. Оның ішінде 80 пайызы әскерге жарамды болып танылды, 6 пайызы емделу үшін әскери қызметті өткеруді кейінге қалдырды, 14 пайызы әскери қызметке жарамсыз болып танылып отыр. Оның ішінде әскери қызметті кейінге қалдыруға негіз болатын сырқаттарды айтып кетсек, ол ішкі ағза, неврологиялық және хирургиялық сырқаттар.  

- Сұхбат бергеніңіңзге рақмет!