Жолдауда жоғары білім беру саласына қатысты тұжырымдар маңызды болды - тарих ғылымдарының докторы

Жолдауда жоғары білім беру саласына қатысты тұжырымдар маңызды болды - тарих ғылымдарының докторы

Университеттің профессоры ретінде, бізге Жолдауда жоғары білім беру саласына қатысты тұжырымдар маңызды болды.

Отандық жоғары оқу орындары сапасының артуына орай оларда оқу құны да өсетіндігі анық. Осыған байланысты мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, яғни ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100 пайызға дейін сараланып, жылдық 2-3 пайызбен оқуға несие беріледі. Бұл – мемлекет тарапынан үлкен қолдау.

Білім саласына қатысты келесі өзекті мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу мақсатында Президент жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін белсенді енгізуді ұсынды.

Жолдаудағы жаңа идеялардың бірі – әрбір отбасының елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуы тиіс деген ережесі. Осыған орай Президент жарияланған Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы өте маңызды екенін атап көрсетті. Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынады. Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Жолдауда атап өтілгендей, бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама болатындығы қуантады. Президент болашақ сайлау науқандарының кестесін ұсынып, ағымдағы жылдың күзінде кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынды және өзінің өкілеттік мерзімінің қысқаруына қарамастан, президенттік сайлауға қатысуға дайын екенін білдірді.

Клара МАҚАШЕВА,

ҚазҰУ Халықаралық қатынастар мен әлемдік экономика кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы