Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі - Жолдау

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі - Жолдау

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді тапсырды.