«Азов» ұлтшылдар батальоны Маргарита Симоньянды өлтіруге бұйрық шығарды» - РФ тергеу комитеті

«Азов» ұлтшылдар батальоны Маргарита Симоньянды өлтіруге бұйрық шығарды» - РФ тергеу комитеті

Ресей тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин «Россия сегодня» ақпараттық агенттігінің, Sputnik ақпарат агенттігінің және RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян мен оның отбасы мүшелеріне қоқан-лоққы көрсеткені үшін процессуалдық тексеруді бастауды тапсырды. 

Бұл туралы Qazaquni.kz ақпарат агенттігі RBC сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомствоның мәліметінше, қоқан-лоққылар украиндық ұлтшыл «Азов» батальонының мүшелерінен келген-мыс.

29 тамызда түстен кейін Симонянның өзі Telegram-да оған жолданған хаттың сканерленген нұсқасын жариялады, онда әлдебір судьялар алқасы оны «өлім жазасына тарту» туралы үкім шығарды.