«Ақ жол» лидері Азат Перуашев Шымкент қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті

«Ақ жол» лидері Азат Перуашев Шымкент қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті

2022 жылдың 24 тамызы күні «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Шымкент қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті.  

Партия лидері алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен жүздесті.

Университетте өткен жиында Азат Перуашев парламенттік саяси партия жетекшісі ретіндегі міндеті – бар мәселенің шешімін табу үшін айтары бар әр адамның сөзін тыңдап, тілек білдіру екенін жеткізді.


«Ақ жол» демократиялық партиясының саяси бағдарламасы бойынша тоқталып өтті. Ел Конституциясына түзетулер енгізу жөнінде референдум өткеннен кейін реформаларды жеделдету үшін «Ақ жол» партиясы Сайлау туралы, Саяси партиялар туралы, Парламент туралы, Үкімет туралы, Бюджет кодексін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге белсене кірісіп, қолданыстағы заңдарды реформалау бойынша 58 ұсынысты тиісті мемлекеттік органдарға жолдағаның айтты.

Біз парламенттік даму жолын жақтайтын партия ретінде конституциялық реформаның дамуына барлық заңнаманы соған сәйкес келтіру керек деп санаймыз. Бізде ол біршама деформацияланған. Конституция - бұл, Президент айтқандай, біздің мемлекеттік басқару жүйемізді одан әрі қайта құрудың алғашқы қадамы ғана. Іс жүзінде бізде биліктің өкілді органдары - Мәслихаттар мен Парламент - атқарушы билікке, әкімдерге, Үкіметке тәуелді. Депутаттардың бюджет шығыстарына қатысты бірде-бір ұсынысы Үкіметтің келісімінсіз қарауға қабылданбайды. Сонымен қатар, маған бюджеттік қаржыландырусыз шешуге болатын кем дегенде бір мәселені атаңыз. Мысалы зейнетақы жасын төмендету, ауыл шаруашылығын субсидиялау немесе колледждер мен университет оқытушыларының жалақысын көтеру мәселесі де бюджет қаражатынсыз шешілмейді, - деді Азат Перуашев. 

Жоғары оқу орнының оқытушылары еңбекақының төмендігін айтып, еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау үшін гранттар санын арттыру қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, жас мамандарды зауыттар мен фабрикаларға 50 мың теңгеден басталатынын жалақымен жұмысқа қабылдайтындығы туралы да айтып өтті.

Кездесуде көтерілген мәселелер бойынша Азат Перуашев оларға өзінің атына жазбаша түрде ұжымдық арыздар жазуды сұрады.

Мұнан соң депутат Азат Перуашев шұлық шығаратын «Әлем-БТ» ЖШС-не барды. Партия төрағасы фабриканы аралап, ұжыммен тілдесіп, фабрика өнімдерімен танысты. 


Фабрикамыз ай сайын 1,5 миллиондай өнім шығарады. Шығарылған шұлықтардың 90 пайызын экспортқа жібереміз. Қазіргі таңда фабрикадағы басты мәселеміз жұмысшылардың жетіспеушілігі болып тұр, - дейді фабриканың атқарушы директоры.