Құтылық Елтеріс қағанның кешені табылды

Құтылық Елтеріс қағанның кешені табылды

Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды деп хабарлады «Қазақ үні».

Аталған сүйінші жаңалықты халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында жазды.

«СҮЙІНШІ!

Ханғай жотасында, Өтүкен аймағында керемет жаңалық ашылды.

Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Салтанатты кешенде табылған бітіктаста тарихымызға бетбұрыс жасайтын түрік және соғды жазуымен мәтіндер бар!

Қалған жаңалықты ертең Ұланбатырдағы Баспасөз орталығында өтетін жиында жариялаймыз!

Баршаға құтты болсын!», – делінген жазбада.