Астаналық келіншек отбасын көз тиюден сақтау үшін көріпкелге 60 млн теңге берген

Астаналық келіншек отбасын көз тиюден сақтау үшін көріпкелге 60 млн теңге берген

Астаналық келіншек тарологқа жанұясын көз тигеннен аман алып қалу үшін 60 миллион теңге берген.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Астана» телеарнасының дерегінше, көріпкел әйелді бір жыл бойы «тазартқан». Әр сеанс үшін ақы алынған. Астаналық әйел көріпкелге барлығы 60 миллион теңге аударған екен. 

"Жәбірленуші көріпкелге жүгінеді, ал көріпкел өзіне және оның отбасына зиян келгенін, оны жою керектігін айтады. Осылайша ол бір жылдың ішінде ақшаны иемденіп алды", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы ПП тергеу бөлімінің бастығы Талғат Жолдасов. 

Психологтардың айтуынша, жеке уайымы жоғары адамдар көріпкелдерден көмек сұрайды.