Ғалымдар ядролық соғыста аман қалу мүмкіндігі бар елдерді атады
2022 ж. 17 тамыз
1397
0
Ратгерс университетінің ғалымдары болжамды ядролық соғыстың салдарын еңсеруге қай елдердің мүмкіндігі жоғары екенін анықтады, деп хабарлайды «Қазақ үні» «Известия» басылымына сілтеме жасап.
Мамандар анықтағандай, атом оқтұмсықтары әртүрлі елдердің ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарына тасталса, өрт дауылдары басталып, жану бөлшектерінің бөлінуінен әлемде атмосфера ластанады. Мұның салдары климаттың өзгеруі және құрлық пен мұхиттағы азық-түлік қорының азаюы болады.
Егер атмосфераға 150 тераграммнан астам (165 миллион тоннадан астам) күйе таралса, үш-төрт жылдан кейін дәнді дақылдарды тұтыну шамамен 90%-ға азаяды.
Ғалымдардың болжамы бойынша, дәл Аустралия мен Аргентина, тіпті атмосфераға күйенің ең көп мөлшері шығарылса да, адам басына шаққандағы тұтынылатын килокалорияның оңтайлы санын сақтай алады.
Мақалада сондай-ақ Жаңа Зеландия да аман қалуы мүмкін екені айтылған, бірақ оның Азиядан және азық-түлік жағдайы қиын болатын басқа елдерден келген босқындардың үлкен санына тап болу қаупі бар екенін атап өтті.