Мемлекет қайраткері Балташ Тұрсымбаев өмірден озды

Мемлекет қайраткері Балташ Тұрсымбаев өмірден озды

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды «Қазақ үні».

Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова Facebook-те жазды.

"Қазір ғана Серікбай Әлібаев қаралы хабар жариялады. Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев қайтыс болыпты", - деп жазды Жүнісова.

Балташ Тұрсымбаев - 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елшілікте де еңбек еткен. Бірінші сыныпты төтенше және өкілетті елші болды.

«Қазақ үні» редакциясы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Жаны жәннатта, иманы саламат, алды пейіш, арты кеніш болсын.