Түнгі клуб өртеніп, адамдар тірідей жанып кетті
2022 ж. 08 тамыз
1296
0

Таиланд полициясы түнгі клубта өрт шығып, 13 адамның көз жұмғанын, тағы 35 адамның жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Полиция полковнигі Вуттипонг Сомджайдың сөзінше, өрт 5 тамызда түнгі 1:00 шамасында “Mountain B” клубында болған. Видеодан тірідей жанып кеткен адамдардың клуб ғимаратынан жүгіріп шыққанын көруге болады.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан тек Таиланд азаматтары ажал құшқан. Арасында шетелдіктер жоқ.