Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы Үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды «Қазақ үні» тілшісі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса әлеуметтік желіде хабарлады. 

- Халық күткен қуанышты, сүйіншілеген сүйінішті жаңалық!

Қостанай әуежайына Ұлт Ұстазы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы аты берілді! 

Қостанайға ұшып келген қонақтарды “Ақ жол” фракциясының депутаттық сауалында атап келтіргеніміздей, Ахаңның өзі қарсы алады енді!

Құтты болсын! Ақ жол тілейміз! - деп жазды депутат.