Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру мәселесін талқылады

Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру мәселесін талқылады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

Телефон арқылы сөйлесу барысында тараптар Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелікке өтініміне байланысты мәселелерді талқылады.

Ердоған Швеция мен Финляндия PKK/YPG террористік ұйымына қарсы нақты және шынайы қадамдар жасауы керектігін, сондай-ақ Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін экспорттауға қатысты эмбарго мен басқа да шектеулерді алып тастауы керектігін атап өтті.