Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
2022 ж. 22 маусым
5230
2
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның экс-әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «Рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлады turkystan.kz Орда.кз порталына сілтеме жасап.
«Құзырлы органдарға тиісті мәлімдемені Нұрша Кәкенов берген. Ол «Karuan» ЖШС құрылтайшыларының бірі болған кезінде оның үлесін тартып алып қойған. Арызданушының шығыны 150 млн долларды құрайды», – деп жазылған Kozachkov offside Telegram-арнасында.
Ашық деректерге сәйкес, «Karuan» ЖШС Маңғыстау облысында марганец өндірумен айналысқан.
Еgov.kz порталының хабарлауынша, 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов серіктестік иелерінің бірі болған, бірақ сол жылы бірінші президенттің інісі ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болып қалған.
Ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап компания екі заңды тұлғаға тиесілі – «Central Asian Investment Consulting Company» ЖШС және Кипрде тіркелген ILMAX LTD.
2021 жылы «Karuan» ЖШС жұмысын тоқтатқан.