Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды

Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды

Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы қызметіне екі кандидат — Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев пен сенатор Бейбіт Исабаев ұсынылды. Халық қалаулыларының басым дауысына сенатор Бейбіт Исабаев ие болды. Бейбіт Исабаев 106, Бағдат Қарасаев 35 дауыс жинады.

Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

Білімі

1985 ж. - С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

1999 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған.