Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды
2022 ж. 11 маусым
905
0

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.