ГАЗ САЛАСЫ ЕЛЕУЛІ ҚОЛДАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ - Жаркешов

ГАЗ САЛАСЫ ЕЛЕУЛІ ҚОЛДАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ - Жаркешов

«QazaqGaz» ҰҚ» басшысы Санжар Жаркешов ҚР Парламенті Мәжілісінің үкімет сағатында еліміздің газ саласындағы дағдарысқа қарсы қолға алынған шаралар туралы айтып берді.  

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан – газдың 3,8 трлн. м³ көлеміндегі қоры расталған ел, оны қауіпсіз және тиімді өндіріп, ішкі нарықтың қажеттіліктеріне бағыттау қажет. Газ өндірісінің 81%-ы үш ірі жоба: Қарашығанақ, Қашаған және Теңізге тиесілі.  

- Жаңа геосаяси жағдайларында, жаңа транзиттік әлеуетті дамыту және Қазақстан Республикасының өңірлерін одан әрі газдандыру мүмкіндігіміз бар.

БІРАҚ, ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА, ГАЗ САЛАСЫ ЕЛЕУЛІ ҚОЛДАУДЫ, елеулі қаржылық инвестицияларды ҚАЖЕТ ЕТЕДІ, өйткені, газ тасымалдау жүйесінің объектілерін жаңғыртпай, және кеңейтпей, тұтынушыларды одан әрі газбен үздіксіз жабдықтау мүмкін емес, - деді Жаркешов.

Оның сөзінше, өткен жылдың соңында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіріп, «ұлттық компания» мәртебесіне ие болып, портфельдік компаниясына айналды, сондай-ақ «QazaqGaz» деп аталды.

Компания «Жаңарған QazaqGaz» көзқарасын қалыптастырып, жұмыстың барлық салаларында толық көлемде жаңартуды бастады:

1) Мемлекет басшысының толық аудит ұйымдастыру және компания қызметінде транспаренттілікті қамтамасыз ету туралы тапсырмаларына сәйкес, нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні, 937 млрд. теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық бұзушылықтар табылып, оның ішінен 123 млрд. теңгесі құқық қорғау органдарымен анықталды.

Қазақта ауруын жасырған арам өледі деген жақсы сөз бар. Барлығын ашық айтуға дайынбыз. Проблема көп, шешуге тырысып жатырмыз. 

Компанияның барлық стратегиялық жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді, жобаларды QazaqGaz тобының меншікті қаражаты есебінен, әлемдік капитал нарықтарындағы неғұрлым қолайлы уақыт кезеңінде, одан әрі қарыздық қаржыландыруды тарта отырып, іске асыруды жоспарлап отыр (оның ішінде: Маңғыстау және Атырау облыстарының ГТЖ реконструкциялау; Маңғыстау облысындағы объектілерді, Алматы қаласының ЖЭО-2,3 газдандыру; Түркістан облысында Қашаған ГӨЗ, БГҚ салу).

2) Газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының күшін біріктіруге, сенімді серіктес беделін қалыптастыруға бағытталған QazaqGaz даму стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

3) Компания меритократия және транспаренттілік, компаниялар тобы бойынша өндірістік персоналдың еңбек жағдайларын жақсарту қағидаттарына негізделген кадр саясатын жаңарту және жетілдіру мәселелеріне бірінші кезектегі назар аударады. 

4) Елімізді газбен үздіксіз және апатсыз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында, Компания келесі әрекеттер жасауда: 

Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесін тиісті пайдалану жолымен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақтық ортақ газ нарығын қалыптастыру жағдайында газбен жабдықтаудың ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қабылдайды.

Бұл ретте, QazaqGaz ҚР-ның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы ретінде, қажетті құқықтары болып, газ ресурстары болып және қаржылық тұрақты жағдайы болуы тиіс.

5) Сатып алу жүйесінің тазалығын арттыру және шығындарды азайту болып табылады.