Шетелге жылыстатылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссия құрылды

Шетелге жылыстатылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссия құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Аталған комиссияға Бас прокурор жетекшілік етіп, Мемлекет басшысы өзі бақылайды.