Азат Перуашев: Конституциялық реформа - дұрыс бағытта жасалған қадам

Азат Перуашев: Конституциялық реформа - дұрыс бағытта жасалған қадам

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеу жасап, конституциялық реформа маңыздылығын айтып, бұл өзгерістерді қолдауға шақырды. 

Осыған байланысты «Ақ жол» демпартиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өз ойымен бөлісті. 

- Президенттің алдағы референдум туралы сөзін мұқият тыңдадым. Барлығы нақты айтылған, алып-қосары жоқ. Мені ерекше қуантқан (есімде қалғанын жазамын, Президент сөзінің мәтіні Ақорда сайтында әлі жарияланған жоқ) сөзі: «Конституция реформасын қолдай отырып, азаматтар экономика мен саясаттағы монополияға ... батыл түрде «жоқ» дейді».

Осы сөздерді «Ақ жол» ҚДП Саяси бағдарламасынан үзінділермен салыстырып көріңізші – 

«Соңғы жылдардағы оқиғалар ел тәуелсіздігіне төнген негізгі қатерлердің ауқымын ашып берді: 

- бюрократия мен сыбайлас жемқорлық, - әлеуметтік әділетсіздік пен байлар арасындағы алшақтық. 

- экономика мен билікті монополизациялау (https://akzhol.kz/ru/program).

Сондықтан біздің бағдарламада бұдан да либералды көзқарастар болса да, біз бұл конституциялық реформаны қолдаймыз. 5 маусымда референдумға шығарылатын Конституциялық өзгерістер қалай болғанда да дұрыс бағытта жасалған қадам. Ал қадам бос ой емес, практика. Бұл Еуропа тәжірибесінде «реал политик» деп аталады. Бұл үлкен және терең өзгерістердің бастамасы ғана деп сенеміз.

Түбегейлі өзгерістер қажет! (2020 жылғы 20 қарашада қабылданған «Ақ жол» ҚДП Саяси бағдарламасының атауы) - деп жазды Азат Перуашев телеграм каналында.