«Саяси жүйе: жаңа перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті

«Саяси жүйе: жаңа перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті

26 мамырда Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігінің өкілдері конституциялық реформаларды халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында саясаттанушы-эксперттердің, ғалымдардың қатысуымен «Саяси жүйе: жаңа перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

Отырыс қатысушылары Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ғайыпов Зулфухар Сұлтанұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Шериязданов Бауржан Рахымғалиұлы, тарихшы-саясаттанушы Батырхан Ерназ Әбдібайұлы еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту туралы өзара ой бөлісті. 

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі төрағасы, референдумды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің төрағасы Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы конституциялық реформа жүйелі, кешенді сипатқа ие екенін, 31 бапқа түзетулер және 2 жаңа бапқа толықтырулар енгізуді көздейтін Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңызы зор екенін атап өтті. 

Сонымен қатар, тарихшы-саясаттанушы Батырхан Ерназ Әбдібайұлы «Алдағы конституциялық реформалар қолданыстағы саяси модельді түбегейлі өзгертетін және мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құруға көмектесетін 5 негізгі бағыттан тұрады. Бұл – аса маңызды міндет. Сондықтан бүгінгідей түсіндіру іс-шараларының маңызы зор», - деді.