Республикалық референдумды қолдау үшін пікірталас алаңы өтті

Республикалық референдумды қолдау үшін пікірталас алаңы өтті

2022 жылғы 21 мамырда сағат 11:00-де «Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-кеңсесінің базасында республикалық референдумды қолдау үшін пікірталас алаңы өткізілді.

Іс-шараға, «Birgemiz» Республикалық волонтерлер Фронт-кеңсесінің бас үйлестірушісі Досымбетов Айбек, «AMANAT» партиясы Қоғамдық саяси институты директорының орынбасары, Республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Садвакасова Динара, "Ұлан-Ғайыр Дала Елі" ҚБ төрағасы Валихан Бахретдинов, "Қазақстан жастар конгресі" қауымдастығы нысанындағы ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов, облыстық және қалалық мәслихаттардың жас депутаттары, волонтерлердің аймақтық фронт-кеңселерінің жетекшілері, волонтерлік ұйымдар, бастамашыл топтар мен волонтерлер қатысты. 

Талқылау барысында қатысушылар конституциялық реформа және референдум өткізу, референдумге шақыру жұмыстары туралы пікірлерімен бөлісті. Волонтерлік қозғалысты дамыту Жаңа Қазақстанды жүзеге асыру жолында маңызды рөл атқарады. Волонтерлер – азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесіндегі өзекті өзгерістерді талқылады.

«Birgemiz» Республикалық волонтерлер Фронт-кеңсесінің бас үйлестірушісі Досымбетов Айбек, республика көлемінде волонтерлер арасында жасалатып жатқан насихаттау жұмысы жөнінде тоқталып, жұмыс барысында 400-ден астам волонтерлік ұйымдар мен белсенді волонтерлерден қолдау алып жатқандығы жөнінде атап өтті. 

Өз сөзінде, Садвакасова Динара:

     – «Мен барлық волонтерлерді референдумға қатысуға, халық арасында кеңінен насихаттауға шақырамын, өйткені бұл біздің азаматтық ұстанымымыз. Біз, референдумды – саяси процесті одан әрі жаңғыртуға әкелетін қадамдардың бірі екенін түсінуге тиіспіз», - деп, ой топшылады.

– Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ, барлығымыздың бағытымыз бір. Сол себепті алдағы уақытта референдумға бізде өз тарапымыздан барынша ақпараттандырып, жастармен және волонтерлармен жұмыс жасап жатырмыз. Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Сол таңдауды еркін түрде жасау керек. Бүгінгі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үлкен сенім артып отыр. 30 жыл ішінде бүгінгі күні азаматтар білімділігі тереңдеп, саяси тұрғысында жаңа өзгерістерді қалайтыны айқындалды және халыққа қазіргі таңда жауапкершілік берілді деп санайтындығын, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ белсенді волонтері, «AZAMAT» қоғамдық қорының төрағасы Даурен Рахымбек, жас буын волонтерлерімізді өз таңдауын жасауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, «Birgemiz» Республикалық волонтерлер фронт-кеңсесі қоғамдық бастамаға қосылып, референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб құрамына кірді. Облыстық деңгейде волонтерлермен жұмысты облыстық штабпен бірлесіп волонтерлердің өңірлік фронт-кеңселерінің басшылары мен мамандары жүргізуде.