Бұрынғы Қорғаныс министрі 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бұрынғы Қорғаныс министрі 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов биылғы 22 ақпаннан бері қамауда отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 19 ақпанынан бастап аталған адамға қатысты Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу жүргізіп келеді, күдіктінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша қарастырылуда», - деп жауап берді Бас прокуратура «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына.

Осы бапқа сәйкес, әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бас прокуратура тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.