Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінгенін растады

Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінгенін растады

ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысының полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінгенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған. Бірқатар БАҚ оның ісіне қатысты сауал жолдаған болатын. Жарияланып жатқан ақпараттар сол сауалдың жауабына негізделген», - деді Бас прокуратура өкілі.

Айта кетейік, 25 сәуірде бірқатар БАҚ-та генерал-майор Серік Күдебаевтың ҚР Ішкі істер органдарынан кеткені туралы ақпарат тарап, Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ол мәліметті растаған болатын.