“Ақ жолдың” қолдауымен үш күндік дүбірлі жарыс өтті

“Ақ жолдың” қолдауымен үш күндік дүбірлі жарыс өтті

Бүгін 2022 жылы 11 мамырда Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының қолдауымен және Шымкент қаласының № 12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында дзюдо күресінен Республикалық ашық турнир үшінші күнге жалғасты.

Бұл дүбірлі жарыс биыл «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылғанына 20 жыл толуына және «Балалар жылы» аясында өтіп жатыр. 

 Жарыс Шымкент қаласындағы Жабық жеңіл атлетика манежінде өтуде. Ашық турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан 2009-2013 жылдары туған барлығы 730 жас палуан қатысып жатыр. 

 Жарыстың ашылу салтанатында « Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Абжанов сөз сөйлеп ашты. Ол қатысушыларға өмірде спорттың қаншалықты маңыздылығын, ата-аналарын тындап, сабақтарын жақсы оқуды ұмытпай, алда қойған мақсаттарға ұмтылып, қалайда жету керектігі туралы айтып, кішкентай палуандарға сәттілік пен жеңіс тілеп, болашақта әлемдік чемпиондар болуларын тіледі. 


 Бұл іс-шараға “Ақ жол” партиясы Шымкент қалалық филиалының барлық қызметкерлері және « Ақ жол» ҚДП сайланған жергілікті мәслихат депутаттары Ноян Төлегенов, Жамалбек Жораев және Назипа Мамықова қатысты.

Турнир жеңімпаздарын марапаттау салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары, белгілі ақын Қазыбек Иса қатысып, сөз сөйледі.

Жарыстың мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жас палуандардың шеберлігін шыңдау. 

 11 мамыр 2022 жылы кешкі сағат 20-00-де жасөспірімдер арасында өткен дзюдо күресінен Ашық турнир өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталып,жабылу салтанаты өтті. 


 Республикалық деңгейдегі жарыстың жабылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Жарылқасынұлы Иса Астана қаласынан арнайы келіп, құттықтау сөз сөйледі : « «Ақ жол» Демократиялық партиясы еліміздегі спорттың дамуына үлкен назар аударып, үнемі спортшыларға қолдау жасауда. Міне, шырайлы Шымкент төрінде керемет жарыс өтуде. Бұл жарысқа Қазақстанның барлық облысынан 730 жас палуандар қатысып жатыр, мұндай дүбірлі жарыс Шымкентте бірінші рет өтуде. Бұл жарыс «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылғанына 20 жыл толуына және «Балалар жылы» аясында өтуде. Соңдықтан «Ақ жол»демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалына және №12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына алғыс айтамын. Әлемде Қазақ елінің көк туы тек мемлекет басшысы мен чемпион спортшылар құрметіне ғана көтеріледі. Сіздердің араларыңыздан да еліміздің көк туын көтеретін чемпиондар шыға берсін !»-деді.

 ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса соңғы жылдары бірнеше рет Парламент төрінде еліміздегі спорттың жағдайы бойынша, атап айтқанда футбол сала ындағы күрделі мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалдар жолдады. Әр сауалында көтерілген мәселелер бойынша халық арасында үлкен резонанс туды.

 Бұдан басқа Қазыбек Иса, Әлімхан Абжанов,Мұхамед Қырықбаев, Ноян Төлегенов,Жамалбек Жораев, Мұхтархан Ділдәбеков жеңімпаздарға салтанатты түрде медальдерін тағып, сертификаттар мен сыйлықтармен марапаттады.

 1- орын иелері -200 мың теңге, 2- орынға -150 мың теңге, 3-орынға- 100 мың теңгелік сертификаттармен марапатталды.

 « Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы осы Республикалық Ашық турнирді өтуіне демеушілік жасаған «Ақ жол» фракциясының Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Ноян Төлегенов пен Жамалбек Жораевқа және бұл іс-шараны ұйымдастырған Шымкент қаласының деңе шыңықтыру және спорт басқармасы мен қаламыздағы №12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің 

басшылығына алғысымызды білдіреміз. 

    «Ақ жол» Демократиялық партиясы елдегі жасөспірімдер арасындағы спорттың дамуына назар аударып, үнемі жас спортшыларға қолдау жасап келеді.

 Мұндай жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен жарыстар «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалымен дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұрады.