100 отбасыға Ораза айт қоржыны таратылды

100 отбасыға Ораза айт қоржыны таратылды

Күллі мұсылманның ұлық мерекесі Ораза айт мейрамына орай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 1 00 отбасыға Ораза айт қоржыны таратылды.

Игі іс Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының мұрындық болуымен, ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

Іс-шарада 1 тонна 425 кг-ды қамтитын азық-түліктен құралған айт қоржыны аз қамтылған, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыға үлестірілді.

Облыстың Бас имамы жиналған қауымды ораза айт мерекесімен құттықтап, сауапты іске атсалысқан дін жанашырларына алғысын білдірді.