«Ақ жолдың» сауалдарынан кейін рейдерлер тартып алған темір жолдарды заңды иелеріне қайтару мен істерді қайта қарау басталды

«Ақ жолдың» сауалдарынан кейін рейдерлер тартып алған темір жолдарды заңды иелеріне қайтару мен істерді қайта қарау басталды

«Ақ жолдың» сауалдарынан кейін рейдерлер тартып алған темір жолдарды заңды иелеріне қайтару мен істерді қайта қарау басталды. Бүгін Бас прокуратурадан осындайы алғашқы жауап алынды.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап «Ақ жол» фракциясы теміржол кірме жолдары саласындағы заңсыздық туралы бірнеше рет депутаттық сауал жолдаған болатын. Осы мәселені Президент қайта көтергеннен кейін ғана осы жылдың 11 қаңтарында Мәжілісте қандай да бір қозғалыстар басталды.

Мәселен, «Ақ жол» фракциясының б.ж. 26 қаңтардағы сауалына Бас Прокурордың жауапты шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы жауабы келіп түсті, ал монополияға қарсы ведомство монополистердің тарифтері 90-95%-ға төмендегенін хабарлады.

Б.ж. 29 наурызында «Ақ жол» тағы да рейдерлікке ұшыраған темір жолдардың заңды иелерін қорғады. Азат Перуашев фракция тарифтерді төмендетуді ғана емес, монополистердің кірме жолдарды сатып алу заңдылығын зерделеуді және оларды пайдаланушылардың өздеріне немесе заңды иелеріне беруді талап еткенін еске салды, өйткені бұл жолдардың едәуір бөлігі әділетсіз сот шешімдері арқылы, кейбірі заңды меншік иелерінің келісімінсіз басқа адамдардың мүлкін қайта тіркеу арқылы алынған.

«Ақ жол» поштасында осы мәселеге қатысты көптеген хаттар бар. Қостанайлық кәсіпкер В.Бублик те осындай жағдайға тап болды. ААЖ деректер базасында өзіне тиесілі т/ж тұйығы орналасқан жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері өзгертілгені анықталды. Ал жаңа кадастрлық нөмірлері бар учаскелердің иесі «КСО» АҚ болып табылады, яғни темір жолға меншік құқығын қайта тіркеу заңсыз жүргізілген.

Бүгін партияның осы кәсіпкердің мүддесін қорғауға үндеуіне жауап келіп түсті.

Бас прокуратураның ресми жауабында Қостанай облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімімен Бублик ЖК жер учаскелерін «ЦТС» АҚ меншігіне беруі заңсыз деп танылғаны хабарланды.

Бас көлік прокуратурасы бұл ақпаратты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне жіберді.

«Ақ жол» партиясы мен оның парламенттік фракциясы сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру және өз сайлаушыларының заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.