Павлодарда мектептің 200 шаршы метр аумағы өртеніп кетті
2022 ж. 21 сәуір
1188
0

Павлодардағы өрт №28 мектеп шатырының шамамен 200 шаршы метрін шарпыды, деп хабарлайды Қазақ үні тілшісі.
«21 сәуірде сағат 8:04-те Торайғыров көшесі, 24 мекенжайындағы № 28 мектепте өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Төрт қабатты ғимараттың екінші қабатында шамамен 200 шаршы метр аумақта өрт (шатыр) болды», - деп хабарлады Павлодар облысындағы ТЖД.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан мектептен 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.