Өзбекстанда салмағы 7 кг нәресте дүниеге келді
2022 ж. 14 сәуір
1070
0
Өзбекстанның Сырдария облысында салмағы 7 кг қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның «Uza» агенттігіне сілтеме жасап.
Сырдария аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері Санат Қадыровтың сөзінше, нәрестенің жағдайы жақсы.
Оған және анасына дәрігерлер мен медбикелер көмек көрсетеді. Нәресте кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Мұндай жағдай Сырдария облысының тарихында бірінші рет болып отыр.
Ана атанған 1998 жылғы әйел Сырдария облысының тұрғыны және бұл оның алғашқы перзенті.
Айта кетейік, жаңа туған нәрестелердің салмағы әдетте 3,4 кг болып келеді. Олардың арасында 2,5 және 4,5 кг аралығындағы салмақпен туатындары да бар. Бұдан жоғары салмақпен дүние есігін ашатындар небәрі 5% құрайды.