Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бердібек Машбекұлы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған. 

«Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.