Қазақстан халықаралық IELTS емтиханындағы жалпы балл бойынша Оңтүстік Корея мен Жапониядан алда тұр

Қазақстан халықаралық IELTS емтиханындағы жалпы балл бойынша Оңтүстік Корея мен Жапониядан алда тұр

Қазақстан халықаралық IELTS емтиханындағы жалпы балл бойынша Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Өзбекстаннан алда тұр.

Еліміз соңғы үш жылда халықаралық TOEFL iBT емтиханының қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері арасында үздік атанды. 

Бұл туралы Білім миристрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. 

EF EPI халықаралық рейтингі (EF ағылшын тілін меңгеру индексі) бағалауға кемінде 400 адам қатысқан елдердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалайды.

EF EPI ағылшын тіліндегі EF SET тестін өз бетінше және өз еркімен тапсырған ересектердің деректері негізінде елдердің рейтингін анықтайды.

EF SET – кез келген интернет пайдаланушысына ақысыз қолжетімді ағылшын тіліндегі онлайн-тест. 

Тіл меңгеру деңгейі екі дағды бойынша ғана бағаланады: оқу және тыңдау. Салыстырмалы түрде IELTS, TOEFL-да төрт дағды бойынша.

Дегенмен тестілеу қорытындысы бойынша 2020 жылғы деректермен салыстырғанда Қазақстанның орташа балы 14 балға жақсарғаны байқалды: ең жоғары 800 балдан 426 балл. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан 470, ал Алматы 466 балл нәтижелерін көрсетіп, ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерген қалалар ретінде бағаланды.

Қазақстан соңғы үш жылда халықаралық TOEFL iBT емтиханының нәтижелері бойынша оң динамика көрсетіп жүр: 2018 жылы – 82 балл, 2019 жылы – 85 балл, 2020 жылы – 120 балдан 86 балл. Орталық Азия елдері арасында – бұл ең жоғары көрсеткіш. CEFR Жалпыеуропалық жүйесіндегі ағылшын тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес, бұл көрсеткіштер ағылшын тілін білудің шекті немесе орташа деңгейіне (B1) сәйкес келеді. Яғни бұл тұрмыстық жағдайларда тілдесу мүмкіндігін немесе таныс тақырыптар бойынша әңгімелесуге болатынын білдіреді. Тілдік дағдылар бөлінісінде қазақстандықтар тыңдау және сөйлеу бойынша орташа есеппен әрбір бөлімдегі 30 ең жоғары балдан 22 балл, оқу және жазу бойынша 21 балл жинайды.

Қазақстандықтардың халықаралық IELTS емтиханындағы нәтижелері ерекше қызығушылық тудырады. 2019 жылы азаматтардың ағылшын тілін меңгеру деңгейінің орташа балы ең жоғары 9-дың 6,1 балын құрады, бұл білікті пайдаланушы деңгейіне сәйкес келеді. Бұл қазақстандық үміткерлердің кейбір нақтыланбаған ақпаратқа қарамастан, тілді жақсы меңгергенін білдіреді. Олар күрделі тілді, әсіресе таныс жағдайларда қолданып, түсіне алады. Тілдік дағдылардың түрлері бойынша қазақстандықтар оқу және тыңдау бойынша айтарлықтай жоғары нәтиже (6,3 балдан), ал сөйлеу (6,0) мен жазу (5,6 ұпай) бойынша біршама төмен нәтиже көрсетіп отыр. Кейбіреулер таңданатын шығар, бірақ олар IELTS халықаралық емтиханындағы жалпы балл бойынша Қазақстанның Корея (6,0), Қытай (5,8), Жапония (5,8), Өзбекстан (5,7) және тағы басқа көптеген елден озып кеткеніне қызыға қарайтын болады.