Павлодар облысында 300 гектар орман алқабы өртеніп жатыр

Павлодар облысында 300 гектар орман алқабы өртеніп жатыр

Павлодар облысындағы Көкжал орман шаруашылығының аумағында өрт орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орман шаруашылығы алабының №204 және 224 кварталдары отқа оранды , деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің орын алғаны анықталған уақыт - 12: 35. Қызыл жалынмен күрестің басталуы - 13:03, оқшаулау сағат 17: 33 кезінде мүмкін болды.

Шамамен 330 гектар болатын өрт шалған алапта ескі арам-шөптер мен 2018-2020 жылдардағы орман дақылдары болған, - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен тоғыз техника жұмыс істеді. Оттың шығу себебі пен келтірілген залал көлемі алда анықталады.