«Қазмедиа орталығындағы» апат жойылды
2022 ж. 29 наурыз
876
0

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты алдын-ала мәліметтер бойынша, қатты желдің салдарынан «Қазмедиа орталығы» ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су тиді.
Жағдай анықталуда, шатырдың ішінара зақымдануы мүмкін.
Депода қосалқы станцияның тұтануы нәтижесінде сағат 20:15-те теле және радиоарналардың эфирлері ажыратылды.
Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылды және барлық персоналды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер аварияның салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізді.
Кейін белгілі болғандай, «Қазмедиа оталығындағы» апат жойылды. Трансформатордағы өрт сөндірілді. Телерадио арналар хабар таратудың резервтік форматына көшірілді», - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Facebook парақшасында.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazmedia-ortalygyndagy-apat-zhoyyldy_a3916772