Қатты дауыл Каспийдегі мұнай тасымалдау құбырын зақымдады
2022 ж. 23 наурыз
1128
0

Синоптиктердің хабарлауынша Новороссийскте қатты дауыл өтіп, желдің жылдамдығы 35 м/с-қа дейін жетті, бұл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер етті.
2022 жылғы 22 наурыздағы КҚК ақпаратына сәйкес кезектен тыс инспекцияның қорытындысы бойынша 3 - шығару айлақтық құрылғысының (ШАҚ) жүзбелі шлангілерінің бірінің күштік қаңқасының ығысуы түріндегі зақымдануы, сондай-ақ ШАҚ-2 ішкі жеңінің шлангілерінің зақымдануы анықталды.
Осыған байланысты КҚК-мы жуу және жөндеу жүргізу үшін көрсетілген ШАҚ-ты пайдаланудан уақытша шығару туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі КҚК-мен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізуде, бұл ретте баламалы бағыттар бойынша мұнайды экспортқа жөнелтуді ұлғайту мүмкіндіктері пысықталуда.