Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Мемлекет басшысы бүгін тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Қазақ үні Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын: Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы. 

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы. 

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

Қ.Тоқаев 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 

2022 жылғы 17 наурыз 

№ 838