“АҚ ЖОЛҒА” 20 жыл!

“АҚ ЖОЛҒА” 20 жыл!

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 2002 жылдың 16 наурызында болашақ «Ақ жол» партиясының алғашқы құрылтайы өтіп, соның нәтижесінде 3-сәуірде партия ресми тіркелген болатын. 

Жиырма жылда түрлі қиын жылдардың, тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерген партия бүгінде елдің саяси сахнасында өзінің елеулі орны бар, парламентте халықтың мүддесін қорғап жүрген, қоғам алдында абырой-беделі биік іргелі саяси ұйымға айналған. 


“Ақ жол” еліміздегі Президент сайлауына екі рет қатысты. Қазір Мәжілісте 12 депутаты бар екінші партия.

220-дан астам мәслихат депутаты, 13 ауыл әкімі бар партия.

Алаш ұстанымын ұстанған "Ақ жол” партиясының арқасында Қазақ Парламенті тарихында тұңғыш рет 2007 жылы Алаш арыстарының аттары аталып, ұлағатты істерін ұлықтау мәселесі көтерілді. 

Сонымен қатар, 2012 жылы Парламент Мәжілісінде “Ақ жол” фракциясы құрылғалы бері Алаш туралы 30-дан аса депутаттық сауал жасалды.

«Ақ жол» партиясының бір қанаты зиялы қауым өкілдері болса, бір қанаты кәсіпкерлер.

Кәсіпкерлер мүддесін қорғауда да партия табанды еңбек етіп келеді. Партияның бастамасымен шағын және орта бизнес өкілдерінің өмірін айтарлықтай жеңілдететін көптеген заңдар қабылданды. 

“Ақ жол” партиясының бастамашылығымен “Парламенттік оппозиция” туралы заң қабылданды.

Біздің атқарар игі істеріміз әлі алда. 

Қаңтар қасіретінен кейін қайта құрылып, Жаңа Қазақстанды құрып жатқан мемлекетімізде “Ақ жол” алдыңғы қатардан көріне береді деп білеміз.

Осы орайлы сәтте партияның барша мүшесін мерейлі күнмен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу үшін қажырлы еңбек ете берейік.

Барлығыңызға Ақ жол тілеймін!

Азат Перуашев, 

«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты