БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН КАДРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
2022 ж. 16 наурыз
1368
0

Президент Қ.Тоқаевтың бүгінгі жолдауы саяси жаңғырған жаңа Қазақстанды дамытуда өте үлкен мәселелерді шешуді міндет етіп қойды. Әсіресе әкімшілік-аумақтық мәселелерді қайта қарап, ондағы қордаланған экономикалық, әлеуметтік және саяси шешімін күткен мәселелер бүгінгі күнде елімізде қалыптаса бастаған ахуалға негізделіп айтылғаны белгілі.
Әсіресе экономикалық, әлеуметтік және саяси деңгейдегі мәселелердің жылдам шешілмеуі нәтижесінде жыл басындағы «қаңтар қасіреті» еліміздегі көптеген мәселелердің басын ашып көрсетті. Осы мақсатта енді ары қарай еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтылық пен келісімді сақтап және ортақ диалог құра отырып, экономика мен әлеуметтік жағдайды көтеру үшін әкімшілік-аумақтық бөліністі қайта қарау өзектілігін көрсетіп отыр. Соның нәтижесінде Абай, Ұлытау және Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу облыстары құрылатын болды.
Ендігі кезекте осы аймақтарды маман кадрлармен қамтамасыз ету жоғары оқу орнына талап пен сапаны күшейте отырып, жас мамандарды нарықта жұмыспен қамтуды және сапасын жақсартуды басымдықта жүргізу керек, сол арқылы жастардың ел экономикасына қосатын үлесіне кеңінен тоқталғаны орынды мәселе екені бүгінгі күннің еншісінде. Бұл еліміздегі білім мен ғылымның көшбасшы жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алдына үлкен міндеттер жүктейтіні белгілі.
Осы мақсатта География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы білім сапасы жоғары, бәсекеге қабілетті маман даярлап, әрі «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын жалғастыра отырып, төмендегі жұмыстарға басымдық береді:
1. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жаңа облыстарға сапалы маман кадрларды даярлап шығару.
2. Білім сапасын арттыру мақсатында дайындалған жаңа бағдарламалар негізінде әлемдік стандартқа сай мамандар даярлау.
3. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында «Өз жеріңді танып біл», «Ауыл – ел бесігі» бойынша дипломдық жұмыстар жасатып, жастарды ғылымға баулу және кафедрадағы үйірмелерде баяндамалар жасату.
4. Кәсіптік бағдар беру бойынша аймақ мектептерімен байланыстар орнатып, мамандықтар туралы және ғылым жайында түсініктер беріп, көмек көрсету.
Бүгінгі жолдау қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты екені белгілі. Осы орайда, сындарлы саясат жүргізе алатын, елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қосатын бәсекеге қабілетті маман кадрларды тәрбиелей отырып, елдің экономикасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге күш салу – кафедра профессор-оқытушыларының басты міндеті.
Ә. МЫЛҚАЙДАРОВ,
аға оқытушы, г.ғ.к.