"Аманатқа" жаңа хатшы тағайындалды
2022 ж. 16 наурыз
792
0
Кез келген партия халықтың белгілі бір тобының саяси ұжымы екені белгілі. Партия өзінің сол мыңдаған өкілдерінің мүддесіне, арман-мақсаттарына орай жұмыс істеуге міндетті.
Ондаған жылдар «Нұр Отан» партиясы болып келген еліміздегі билік патриясы өзінің атауын өзгертіп «Аманат» атанып, қатарларын тазартып, өздерінің алдына жаңа міндеттер қойғаны бәрімізге мәлім. Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен «AMANAT» партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалды.
Ринат Думанұлы бұған дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып қызмет еткен. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бірінші жоғары білімін алды. Кейін сол жерде «Журналистика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Д.А. Қонаев атындағы университетте құқықтану және экономика саласында өз кәсіби біліктілігін кеңейтті.
Ринат Думанұлының еңбек жолы «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның дамуымен тікелей байланысты. «Хабар» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде ақпараттық бағдарламалар дирекциясының редактор-талдаушысы, Бағдарламалар дирекциясында бас продюсері сияқты бірқатар жауапты қызметтерді атқарды. 2019 жылы Ринат Думанұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Зейнолла АБАЖАН
qazaquni.kz