Бизнесмен Қайрат Боранбаев ұсталды - БАҚ

Бизнесмен Қайрат Боранбаев ұсталды - БАҚ

"Қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаев ұсталды" деп хабарлады ҚазТАГ пен Vlast.kz сайттары.

ҚазТАГ Боранбаевты қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ұстап, тергеу изоляторына қамағанын жазды. Ал Vlast.kz сайтының дерегінше, Боранбаевтан Алматы қаласы қаржы мониторинг департаменті жауап алған.

Ресми органдар әзірге бұл ақпаратты растамады да, жоққа да шығарған жоқ.

Қайрат Боранбаев - елдің экс-президенті Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы.