Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутаттың Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне пікір білдірді

Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутаттың Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне пікір білдірді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Коммунистік партия фракциясының жетекшісі Геннадий Зюгановтың айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Зюгановтың сөйлеген сөзіне қатысты мынаны айтқым келеді. Біріншіден, ешқандай ресми наразылық болмайды. Зюганов өзін іс басындағы билік партиясына оппозиция ретінде көрсетіп жүрген РФ Коммунистік партиясының жетешісі саналады. Оппозиция барлық уақытта да іс басындағы биліктің ресми ұстанымынан өзгеше пікір білдіріп, сөз сөйлейді, тіпті оған кереғар келіп те жатады. Зюгановтың сөйлеген сөзін Ресейдің бірде-бір федералды каналы көрсеткен жоқ», - деді Мұхтар Тілеуберді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Осы ретте ол РФ Компартиясы КОКП идеялогиясына негізделгенін атап өтті. 

«Журналистердің назарын аталған видеоның сөз сөйлеуден кейін 2 ай өткен соң пайда болғанына аудартқым келеді. Бұл видеоның Украинадағы оқиғалар кезінде жариялануы да тосыннан емес. Қарулы әскери жанжалмен ақпараттық кеңістіктегі күрестің жаһандық деңгейде қатар күшейетіндігін түсіну қажет. Бұл жайт Қазақстаның ақпараттық кеңістігін де қамтиды», - деді вице-премьер.