«Ақ жол» депутаттары балалар дәрігерлері мәселесін көтерді

«Ақ жол» депутаттары балалар дәрігерлері мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева «Ақ жол» фракциясы атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.  Тоғжановқа депутаттық сауал жолдап, балалар дәрігерлерінің тапшылығы мәселесін көтерді. 

***

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдық сөзінде 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Мемлекет Басшысы өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол әңгіме ұрандар мен мерекелік іс-шаралар туралы емес, ең алдымен – баланы қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы билік органдары тарапынан нақты шаралар туралы болып отырғанын атап өтті.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау және балалардың проблемаларын шешу үшін тапшы балалар дәрігерлерін даярлау мәселесін көтеру қажет деп санаймыз. Жасыратыны жоқ, қазір біз медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде кәсіби балалар дәрігерлеріне үлкен тапшылық көріп отырмыз. Бұл проблема әсіресе шалғай өңірлерде байқалады.  

2016 жылы біздің фракция өзінің депутаттық сауалында медициналық жоғары оқу орындарында «педиатрия» мамандығының жойылуын сынға алды. Кейіннен, 10 жылдық үзілістен кейін 2017 жылы педиатрия факультеттері қалпына келтірілді. Алайда, анықталғандай, бүгінде «педиатрия» мамандығы бойынша кадрлар даярлау мәселелерінде елеулі олқылықтар бар.

Мәселен, «Ақ жол» фракциясының депутаттарына өңірлерге жасаған сапары барысында медициналық ұйымдардың мамандары педиатр-дәрігерлерді даярлау бойынша қалыптасқан жағдайды қарастыруды сұрады. Өтініш берушілердің пікірінше, бакалавриат деңгейінде барлық мамандықтар бойынша педиатр-дәрігерлерді даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі мақсатты бағдарламасы бар педиатрия бойынша бейінді білім беру бағдарламалары жоқ.

Осылайша, балалар мамандарын даярлаудағы проблема қазіргі уақытта резидентурада даярлау жалпы бейін бойынша 50%-ға және педиатрия бойынша 50%-ға орындалуда. Яғни, дәрігер-резиденттер ересек адам ретінде де, балалар маманы ретінде де жұмысқа орналаса алады. Алайда, балалар мамандығы таңдалмай, қалыс қалады. Негізгі бөлігі ересек тұрғындардың дәрігері ретінде шығарылады және жұмысқа орналастырылады. Бұл ЖОО-нан кейін түлек-резидент, яғни жас дәрігер балалар мамандығы бойынша оқуға барып, тағы 3-5 жыл кәсіби дағдылар алуы тиіс екендігіне байланысты. Нәтижесінде дәрігер білім алуды аяқтап, балалар педиатриясы бойынша мамандығын өмірінің 30-33 жылында ғана алады. Бұл кадрлар тапшылығын арттырады және мұндай принцип педиатрияда тапшы мамандықтар алуға деген ұмтылысты болдырмайды.

Мысалы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде ағымдағы кезеңде педиатрия бейіні бойынша резидентураларда балалар хирургиясы, неонатология, педиатрия мамандықтары бойынша 46 адам оқиды. Бұл сан батыс өңірінің сұранысқа ие педиатр-мамандары бойынша жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерінің жартысын да жаба алмайды.

Сонымен қатар, педиатр резиденттерді даярлаудың қолданыстағы бағдарламасы жұмысқа орналасуда қиындықтар туындайтын жалпы бейіндегі педиатрларды шығаруды көздейді, өйткені олар жоғары мамандандырылған емес. Ал емханалар мен стационарларға тек тапшы мамандар қажет: балалар пульмонологтары, балалар кардиологтары және т. б.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы төмендегілерді сұрайды:

1) Бірінші кезекте педиатрия бойынша мамандарды даярлауға бағытталатын Жалпы Қазақстан бойынша педиатриялық қызметті дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеу.

2) Бакалавр және жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық кезеңінде балалар мамандарын даярлау үшін үлгілік оқу жоспарларын жеке енгізу.

3) Тапшы бағыттар бойынша балалар мамандықтары үшін жеке гранттар ұсынуды қарастыру, оның ішінде – бакалаврдан бастап жоғары мамандандырылған интернатура мен резидентураға дейін барлық мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындарында педиатриялық факультеттердің толық көлемде жандануын қарау.

4) Интернатурада жалпы практика дәрігерлерін бағдарламаларда даярлау кезінде «педиатрия» бойынша кредиттер санын ұлғайту.

5) Педиатриядағы міндеттерді шешу үшін ғылыми-зерттеу институттарын, сондай-ақ мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындарын тарта отырып, балалар аурулары бойынша ғылыми жобалардың үлесін ұлғайту.

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары