Берік Асылов Бас прокурор болып тағайындалды
2022 ж. 03 наурыз
1012
0

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды «Қазақ үні» Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ Президенттің баспасөз қызметі Берік Асыловты ҚР Бас прокуроры етіп тағайындау туралы қаулы шыққанын мәлім етті.
«Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалсын» делінген 3 наурызда жарияланған құжатта.