Олжас Бектенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
2022 ж. 25 ақпан
1009
0
Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
«Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын» делінген Президент қол қойған Жарлықта.