СОҒЫСТЫ ШҰҒЫЛ ТОҚТАТУ КЕРЕК! - Азат Перуашев
2022 ж. 25 ақпан
1241
9

«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске қатысты өз пікірін білдірді.
Бұл туралы ол өзінің телеграм каналында жазды, - деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.
- Кеше ғана ресейлік әріптестер, Ресей Федерациясының ДХР мен ЛХР-ды мойындауы «Донбастағы соғысты тоқтатқан» шара екендігін қолдап, пікір білдіруімді сұрады.
Бірақ шындық басқаша болып шықты.
Көршілерімізді сабырлылыққа шақырамыз. Соғыс әрекеттерін тоқтатыңыздар. Дауларыңызды шешудің бейбіт жолын іздеңіздер.
P.S. Мен ұсынған бағытта пікір білдіруді орынсыз санап, ұсынысты қабылдамадым. Бүгін байқауымша, бекер емес: ақыры соғыс басталды. Енді оны шынымен шұғыл тоқтату керек, - деп жазды А. Перуашев.
Еске сала кетейік, ақпанның 24-күні РФ Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция өткізу туралы бұйрық берген болатын. Бүгін Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинаның бірқатар қорғаныс инфрақұрылымы жойылғаны туралы мәлімдеді.
Ресейдің бұл әрекетін АҚШ, Еуроодақ пен БҰҰ агрессия деп бағалауда.