ҰҚК төрағасының тағы бір экс-орынбасары ұсталды

ҰҚК төрағасының тағы бір экс-орынбасары ұсталды

ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары болған Марат Өсіпов ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдаланды деген күдік келтіріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды.

2022 жылғы 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.