Қызылорда облысында балықтардың қырылу себебі анықталды

Қызылорда облысында балықтардың қырылу себебі анықталды

Балық шаруашылығы комитеті Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынына Сырдария өзенінен су алатын каналдың (Сағынбай каналы, жергілікті халық Көгіш деп аталатын канал) бойында балық шабақтарының қырылуы фактісі бойынша келесіні хабарлайды.

Балық шабақтарының жаппай қырылуына байланысты 19 ақпан күні осыған дейін бекітілген 2021-2023 жылдар аралығындағы қыс мезгілінде балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың жаппай қырылу қатеріне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, құзырлы органдармен бірлесе зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жалпы көлемі бойынша канал ұзындығы 1,2 км жуық, ені 16 м құрайды. Зерттеу жұмыстары барысында, канал бойынан бірнеше ойық ойылып, балық қырылғаны (торта, табан, ақбалық) анықталды. Канал бойындағы қырылған балық шабақтарының жалпы салмағы 975,2 кг, ең кіші ұзындығы -4,5 см, ең үлкені-10 см. Зерттеу жүргізу күні судағы оттегі мөлшері 3,5 мг/дм ³, температурасы 2,5 ºС, орташа тереңдігі 2,5 м құраған. Ғылыми ұйымның маманы өзінің алдын ала тұжырымдамасында оттегінің аздығы балықтар тіршілігі үшін қолайсыз екендігін білдірген.

Сонымен қатар, Бөген ауылдық округінің ветеринария пунктінің қызметкерлері балықтың және Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері су сынамасын сараптама жүргізу үшін алған. Сараптама нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетін болады.

Қазіргі таңда балықтардың тіршілік ету жағдайын және балық ресурстарын сақтап қалу мақсатында, жергілікті артқарушы органдармен ойықтар жасау (оттегі беру үшін) жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кету қажет.