«Алтын алқа» иегерін несиені төлемегені үшін өлтіріп кетті

«Алтын алқа» иегерін несиені төлемегені үшін өлтіріп кетті

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көп балалы ананы айуандықпен өлтіруге қатысты іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Өткен жылдың наурыз айында 35 жастағы жеті баланың анасы, «Алтын алқа» төсбелгісі иегері Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғынын өз атына несие рәсімдеуге көндіріп, жарнасын уақытында төлеуге уәде еткен. Алайда, болашақта баспаханада тазалаушы болып істейтін ана уақытылы несие жарнасын төлей алмаған.

Әйел жігітке оның себептерін түсіндірді, бірақ ол түсінгісі келмей, ашу-ызаны жинап, өткен жылдың қараша айында жұмыс орнында көпбалалы ананы күтіп алып, оған бірнеше рет пышақ сұғып, нәтижесінде ол қайтыс болды. Жеті бала жетім қалды.

Ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.