«Ақ жол» фракциясының сауалынан кейін Қазақстан азаматтары елге ПТР сынамасыз кіре алатын болды
2022 ж. 20 ақпан
1031
0
Енді Қазақстан аумағына кіру үшін ел азаматтары міндетті ПТР сынамасын тапсырмайды.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жетекшілігімен өткен коронавирустық инфекцияға қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды.
Енді вакцинаның екінші құрамдас бөлігін алған күннен бастап 6 айдан аспайтын уақыт өтпесе, ревакцинациядан немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен (төлқұжаты бар) Қазақстан Республикасының елге келетін азаматтары үшін міндетті ПТР тестілері жойылды;
Сонымен қатар, ПТР сынамасынсыз екпе төлқұжаттарын өзара тану бар шет мемлекеттердің азаматтарына кіруге рұқсат етіледі.
Еске сала кетейік, ақпанның 16 күні Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин «Ақ жол» фракциясы атынан Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановқа депутаттық сауал жолдап, пандемия кезінде адамдардың елге кіру ережесін қайта қарауды талап еткен болатын.
«Ақ жол»: Қазақстандықтардың өз еліне кіруіне кедергі келтіру - Конституциялық құқығын бұзу» атты депутаттық сауалдың толық мәтіні «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде жарияланған.