"Ақжол" депутаттары Шымкент қаласындағы «Гаухар» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті

"Ақжол" депутаттары Шымкент қаласындағы «Гаухар» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті

Бүгін "Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Шымкент қаласына іс-сапармен барды.  

Сапар барысында Шымкент қаласындағы «Гаухар» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Тәуелсіздіктің елең-алаңында жүргізілген жекешелендірудің нәтижесінде бәсекелестік ортаға берілген көптеген қазақстандық компаниялар бүгінде жемісті жұмыс істейді. Олардың шығарған өнімдері тек отандық нарыққа ғана емес, сонымен бірге ел аумағынан тысқары да танылып үлгерген. Мұнан бөлек ішкі нарықты қажетті өнім түрлерімен тұрақты қамтып келе жатқан компаниялардың да қарасы мол. Солардың бірі «Гауһар» тігін фабрикасы. Мұнда жеке тапсырыс бойынша әскери киім-кешектер, мектеп формалары, ведомстволық күш-қуат құрылымдары мамандарына арналған киімдер тігіліп, сатылады. Мәжілісмендер тігін фабрикасын аралап, шығаратын өнімдерімен танысты. 


- Фабриканың мемлекеттік тапсырысқа іліну жағдайы өте қиын, осы мәселе Үкімет тарапынан шешілсе, өйткені тапсырыс болмаса мамыр айынан бастап фабрика жұмысын тоқтатуға мәжбүр.

Жұмысшылардың жалақысына салық пен басқа да аударымдар ұсталғандықтан, олардың қолға алатын табысы мардымсыз. Салық төлемдері бойынша жеңілдік қарастырылса, - дейді фабрика директоры Анипа Халбаева.

Халық қалаулылары кездесуде айтылған барлық мәселелер бойынша жазбаша арыз беруін сұрады.

Кездесу соңында Азат Перуашев фабрика директоры Анипа Халбаеваға ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін және Қазақстан экономикасын қалыптасуына қосқан жеке үлесі үшін Партия Президиумы атынан «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен табыстады. Сонымен бірге фабриканкі үздік тігіншісі "Құрмет" грамотасымен марапатталды.