Президент елдің партиялық жүйесін реформалау қажеттігін дұрыс көтерді– Азамат Байтасов

Президент елдің партиялық жүйесін реформалау қажеттігін дұрыс көтерді– Азамат Байтасов

Президент заң үстемдігі мен адам құқықтарын сақтауды ұстанатынын тағы да айтты. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Азамат Байтасов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылдың 29 қаңтарында « Хабар» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында қазақстандықтарды толғандыратын бірқатар сұраққа жауап берді. Президенттің сөйлеген сөзі біздің отандастарымыздың қызығушылығын тудырғанын ерекше атап өткім келеді. Бұл әлеуметтік желілердегі және БАҚ-дағы пікірлер мен комментарилердің едәуір санынан көрініс тапты. Бұл таңқаларлық жағдай емес. Өйткені біз Президенттің ел басына күн туған қайғылы күндері қабылдаған батыл шараларының куәсі болдық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл іс-әрекеттері - қоғамның қуатты және тәуелсіз Қазақстанды құруға деген сұраныстарына берген ерекше жауабы. Халық арасында бір үміт сәулесі пайда болды. Азаматтардың нақты бағдарды білгісі келетіні және жинақталған әлеуметтік мәселелерді шешуде де осындай шешімді күтетіні табиғи нәрсе. Бұл тұрғыда, Мемлекет басшысы тағы да орын алған оқиғалардың бақылауында тұрғанын көрсетіп, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді», - деді ол. 

Азамат Байтасовтың атап өтуінше, Мемлекет басшысының сөйлеген сөзіндегі маңызды сәттердің бірі – мәселелердің саяси блогы. 

«Президент елдің партиялық жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті. Өзінің заң үстемдігі мен адам құқықтарын сақтауды ұстанатынын тағы да дәлелдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы экономикалық блок туралы айта келіп, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға баса назар аударды», - деді мекеме директоры.